$ 498.34  519.72  4.85

Астанада баласын жатақхана подъезіне тастап кеткен ана ірі компанияда жұмыс істейді

Астаналық полицейлер 22 сәуір күні Ақмешіт көшесінде орналасқан жатақхананың кіреберісіне баласын тастап кеткен ананың кім екенін анықтады деп жазады «NewTimes.kz».

Шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жаңа туған нәрестенің анасының 21 жастағы Ақтөбе тұрғыны екені анықталған. Ол ірі акционерлік қоғамдардың бірінде жұмыс істейді.

«Тергеу амалдары барысында полицейлер анықтағандай, күдікті әйел 4 сәуір күні Астанаға жұмыс бабымен келген. 22 сәуір күні ол жалдамалы пәтерде ұл босанып, шарананы көрпеге орап, жатақхана кіреберісіндегі баспалдақтың астына тастап кеткен. Ал, келесі күні қайта Ақтөбеге кетіп қалды», ― делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда баласын қауіпті жағдайға қалдырған ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында тиісті сараптамалар да тағайындалған.

Айта кетейік, оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат ондар шамасында орын алған. Ақмешіт көшесінде орналасқан жатақхана тұрғындары подъезде жатқа сәбиді көріп, дереу жедел жәрдем шақырыпты. Абырой болғанда, дәрігерлер баланың өмірін аман алып қала алды. Қазір ол жансақтау бөлімінен палатаға шығарылған. Есімін Сұлтан деп қойыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары