$ 498.34  519.72  4.85

Президент Н.Назарбаев арнайы жасақ өкілдерінің дайындықтарын тексеріп қайтты

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Қайсар-2016» кешенді оқу-жаттығуына барып, еліміздегі арнайы жасақ өкілдерінің дайындығын өз көзімен көріп қайтты. Оқу-жаттығу жиындарына Мемлекеттік күзет қызметінің «Қалқан» жасағы, Ұлттық гвардияның «Бүркіт» жасағы, Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» жасағы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» жасағы, Алматы қалалық ІІД-нің «Арлан» жасағы және Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы қатысты.

Жаттығу барысында антитеррорлық бағыттағы іс-шаралар өткізу кезіндегі арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылы пысықталды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қайсар-2016» жаттығуына қатысушыларға сөз арнаған Мемлекет басшысы жаңа Жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығының сарбаздар шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бере отырып, оларды сапалы  оқытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Президент сондай-ақ, соңғы кезде әлемде және өңірде болып жатқан оқиғалар, жер жүзінің әр тарапындағы террорлық актілер, Таяу Шығыстағы әскери қимылдар ықтимал қатерге дайын болу керектігін көрсетіп отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің міндеті еліміздегі тыныштықты, татулық пен келісімді сақтау екенін атап өтті.

– Сіздер – даңқты аға ұрпақтың ерлік дәстүрлерінің мұрагерісіздер. Отанымыз сіздерге мемлекет мүддесін жіті қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының ішкі тұрақтылығының сенімді кепілі болу сияқты айрықша маңызды істі сеніп тапсырды. Бұл сіздерден жоғары машықты ғана емес, қайсарлықты, шынайы патриотизмді де талап етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары