$ 447.4  477.55  4.76

Көкшетаулық полицейлер жүргізушіге күш қолданып, көлігін тартып алды (ВИДЕО)

Көкшетау қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісіне күш қолданып, оның көлігін тартып алып жатқанын куәгер бейнекамераға түсіріп, Интернет желісіне жүктеген. УАЗ маркалы қызметтік көлікті тізгіндеген (мемлекеттік номері С604KP) тәртіп сақшылары жүргізушіні не үшін тоқтатқандығын айтып та бере алған жоқ.

Автожүргізушілер қоғамдық кеңесі өкілдерінің айтуынша, полицейлер мұндай қадамға қасақана баруы әбден мүмкін деп жазады informburo.kz.

"Өздерінің заңсыз әрекеттерін жуып-шаю үшін тәртіп сақшылары жүргізушіні бұйрыққа бағынбады деп айыптай салған. Кәсіби біліктілігі төмен осындай полицейлердің көп болуы салдарынан қарапайым тұрғындар зардап шегіп жатыр. Жүргізушіні қылқындырған, балағаттаған, тіпті, көлігін де тартып алған. Ал, мұны бейнекамераға түсіріп тұрған куәгердің қолындағы телефонды жұлып алып, ішіндегі бейнематериалды өшіріп тастапты. Алайда, түсірілімді қайта қалпына келтіріп, интернетке жүктеу мүмкін болды" делінген қоғамдық кеңестің Youtube видео-порталындағы парақшасында.

Ал, Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бейнероликтің басты кейіпкерлерін анықтап, оларға қатысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары