$ 498.34  519.72  4.85

Медуниверситет студентінің мәйітін табуға көріпкел көмектескен

Санжарбек Арзиевтің ата-анасы кеше Алматыдағы Есентай өзенінен табылған мәйіттің өз ұлдары екенін растады деп мәлімлдеді КТК телеарнасы. Медуниверситеттің 5-курс студенті 30 сәуір күні жоғалып, полицейлер оны кеше тапқан болатын.

Телеарна тілшілерінің айтуынша, Санжарбектің денесін табуға алматылық көріпкел, ресейлік "Битва экстрасенсов" тележобасының қатысушысы Заман Сыпатаев көмектескен екен. Экстрасенс студенттің туыстары мен полицейлерге Есентай өзенінің ағысын бәсеңдетуге кеңес берген.

"Кеше Есентайға келдім, шамамен төрт сағаттай болған соң құтқарушыларды шақырып, өзен ағысын бәсеңдетуге кеңес бердім. Өйткені, онсыз мәйітті табу мүмкін болмайтын еді. Кейін басынан соққы алғандығын сездім, достары да растап отыр, ол басын қатты ұрып алған екен, тіпті біраз басы айналыпты. Менің ойымша, ол суға телефонын түсіріп алып, артынша өзі де ауып кеткен" дейді көріпкел.

Естеріңізге салайық, Санжарбек Арзиев 30 сәуір күні өз туған күнін тойлап жүріп жоғалып кеткен болатын. Қала көшелеріндегі бейнебақылау камераларының бірі студенттің өзенге құлап кеткендігін таспаға жазып алған. Мұнан кейін құтқарушылар мен 100-ге жуық ерікті тұрғындар Санжарбекті Есентай өзенінен үш күн іздеп тапқан жоқ. Тек төртінші күні ғана өзен ағысын бәсеңдеткен соң іздеу жұмыстары өз нәтижесін берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары