$ 498.34  519.72  4.85

Экипажды апаттан құтқарған Bek Air командиріне «Халық қаһарманы» атағы берілді

Наурыз айының соңында апатты жағдайға түскен Bek Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағын жерге сәтті қондыра білген борт командирі Дмитрий Родинге «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сонымен қатар, дәл осындай мәртебеге Ұлттық гвардия полковнигі Қайрат Үмбетов те лайықталды. Ол әскери жаттығу кезінде сарбаздың өмірін жарылған гранатадан сақтап қалған болатын.

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы»

атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі -

Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Родин Дмитрий Олегович - «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы

Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы - Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.

Естеріңізге салайық, 27 наурыз күні Қызылордадан ұшып шыққан "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы Астанада апатты жағдайда қонған болатын. Ұшақтың алдыңғы шассиі шықпай қалып, ұшқыштар оны бір дөңгелексіз қондырған еді. Әдетте мұндай жағдайлардың соңы апатпен аяқталады дейді сарапшылар.

Ал, полковник Үмбетов болса 7 сәуірде Қарағандыдағы әскери жаттығу орталығында қатардағы сарбаздардың бірін өлімнен аман алып қалды. Атап айтқанда, окопқа түсіп кеткен гранатаны дер кезінде байқаған полковник өз өмірін тәуекелге тігіп, денесімен жауынгерді жауып қалған. Әскерилердің екеуі де жарылыстан кейін дене жарақаттарын алғанымен, оқиға қайғылы апяқталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары