17.05.2016, 09:54

Ақтаулық жасөспірімдер жыланға насыбай беріп қорлаған (ВИДЕО)

Жан-жануарларды қорлау фактілері Ақтауда жиілеп барады деп жазады жергілікті Tumba порталы. Күні кеше YouTube әлеуметтік желісінде жыланға насыбай беріп жатқан ақтаулық жасөспірімдер туралы бейнеролик пайда болды. Онда балалар жыланның аузын күшпен ашып, аузына бір атым насыбайды салып жібергені анық көрінеді.

Істерін бітірген соң балалар жорғалауышты жайына қоя берген. Уланған жылан әзер дегенде қозғалды. Ал, жеткіншектер мұны қызық көріп, одан сайын күлкіге қарық болды. Желідегі бейнероликке олар "жылан-наркоман" деген атау берген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ақтаулық оқушылар қызық үшін күшіктердің құлағын кесіп, оның суреттерін сыныптас қыздарына «WhatsАpp» жіберіп ойнағанын телеарналар хабарлаған болатын. Кейін тағы осы қалада қоян өлексесімен ойнап жүрген балалар анықталды.

Тегтер: видео