Оқиға Қарағанды облысындағы Подхоз ауылында орын алған. Сәбидідің дауысын сол маңайдан өтіп бара жатқан куәгерлер естіп қалыпты. Олар шақалақтың полиэтилен қалтасына оралғанын айтып отыр. Тіпті, баланы қоқысқа тастаған адам оның жылаған дауысы естілмесін деп ауызын да қағазбеп орап тастаған деп жазады informburo.kz.
Қоқысқа тасталған сәби туралы ең бірінші Фэйсбук әлеуметтік желісінде Алматы тұрғыны Людмила Экзархова мәлімдеген. Оның сөзінше, тастанды сәби Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының арасында орналасқан Подхоз ауылында табылыпты.
"Жаңа туған сәби қоқыс контейнерінен табылды. Алғашында мысықтың дауысы секілді естілген. Артынша дыбыстың қайдан шығып жатқанын іздей бастадық. Жанымдағы әйел контейнерге қолын сұғып, қимылдап жатқан полиэтилен қалтасын алып шықты. Ішін ашып қарасақ дәретхана қағазына оралған шақалақ екен. Аузынан қағазды алғанымыз сол еді сәби шырылдап жылап қоя берді. Әйел үстіндегі киімін шешіп, баланы орап, дереу дәрігерге қарай жүгірді" делінген автордың жазбасында.
Абырой болғанда, бала аман, бірақ жағдайы ауыр. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл ақпаратты растап отыр. Олар 18 мамырда жаңа туған ұл баланың табылғанын мәлімдеді.
"Сәби шала туылған, шамамен 5-6 айлық. Оны Жезқазған қаласындағы перзентхана аса ауыр халде жеткізген, денесін үсік шалған. Қазір ол шала туған балаларға арналған инкубаторда жатыр", - делінген басқарманың баспасөз хатшысы Айжан Иса.