20.05.2016, 03:45

Павлодарда жоғалып кеткен 46 жастағы әйелді балалары іздеп жатыр

Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен 46 жастағы әйел іздестіріліп жатыр. Сабира Сәрсекеева мамыр айындағы мерекелерден кейін үйінен шығып, сол күйі оралмаған деп жазады pavlodarnews.kz.

Әйелдің жоғалғандығы туралы ақпаратты журналистерге оның ұлы Михаил Юркевич.

"Біз тұрған жатақхана вахтерының айтуынша, анам 6 мамыр күні сағат 10-да сыртқа шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Мен 5-7 мамыр аралығында Қашыр ауданындағы Тереңкөл ауылында болдым. Қалаға келіп анама хабарласпақ болдым, алайда телефоны сөндірулі екен. Барлық туған-туыс пен таныстардан сұрастырып шықтым, ешқайсысы көрмеген. Полицияның Оңтүстік бөліміне арыз жаздық. Міне, 12 күн өтсе де ешқандай хабар жоқ" дейді М.Юркевич.

Ұлының айтуынша, Сабира Сәрсекеева осыдан бір жыл бұрын Қашыр ауданынан Павлодарға көшіп келген. Соңғы уақыттарда ол "Мария" дәмханасында жұмыс істепті.