$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбедегі "Нұр-сити" шағынауданы қоршауға алынды

Ақтөбедегі "Нұр-сити" шағынауданын арнайы жасақ өкілдері қоршауға алып, антитеррорлық операция жүргізіп жатыр деп жазады Tengrinews.kz. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атылған қарудың дауысы таңертеңгі сағат алтыдан бастап естілген.

Қазіргі таңда бұл аймақты құқық қорғаушылар тікұшақ арқылы әуеден де бақылауда. Сондай-ақ, ауданға кіретін жолдардың барлығын полицейлер жауып, кіріп-шығып жатқан көліктерді тексеріп жатыр.

Айта кету керек, "Нұр-сити" шағынауданындағы үйлер мемлекеттік бағдарлама аясында салынған. Мұндағы тұрғындардың көпшілігі де мемқызметкерлер мен мұғалімдер.

Еске салайық, Ақтөбедегі қарулы қақтығыстар кеше - 5 маусым күні басталған болатын. Бір топ белгісіз адам қаланың үш ауданында атыс жүргізген. Салдарынан 6 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, қарақшылар қатарынан 4 адам қаза тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары