$ 498.34  519.72  4.85

ШҰҒЫЛ: Ақтөбеде тағы атыс болып жатыр

Бүгін Ақтөбенің Нұр-сити шағынауданында атыстың дыбысы естілді деп жазады Informburo.kz. Бұл туралы портал тілшілеріне жергілікті тұрғындар телефон арқылы хабарлаған. Әзірге полиция өкілдері бұл туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Ақтөбеліктердің айтуынша, қарулы қақтығыстар түнгі уақытта да орын алған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болса тұрғындарды сақ болуға шақырып, халықтың дүрлікпеуін сұраған еді. Өңір басшысы сондай-ақ, жағдайдың толық бақылауға алынғанын да арнайы мәлімдеді. Құқық қорғаушылар болса күдікті адамдарды көрген жағдайда полицияға хабар беру керектігін айтып отыр.

Естеріңізге салайық, кеше қаланың үш ауданында қарулы қақтығыстар орын алған болатын. Қару-жарақ сататын дүкенді тонаған бір топ лаңкес сатушы мен қарауылды өлтіріп, артынша әскери бөлімге шабуыл жасаған еді. Салдарынан бір офицер мен сержант қаза тапты. Жалпы көз жұмғандар саны қарақшыларды санамағанда алты адамды құрап отыр.

Арнайы операция барысында анайы жасақ өкілдері 4 лаңкестің көзін жойып, жетеуін тірідей ұстады. Оннан астам күдікті тұлға қашып үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары