$ 498.34  519.72  4.85

Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айрылды

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айырды.

Ермегияев аталған мерзімді қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады және оның бүкіл дүние-мүлкі тәркіленбек, сондай-ақ, бостандыққа шыққаннан кейін мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды. Судья Әділхан Шайхисламов сотталушыны бүкіл мемлекеттік наградаларынан да айырды.

Үкім сот ғимаратының үлкен залында өтті. Орынның көп болғанына қарамастан Ермегияевті қолдауға келген жұрт залға әзер сыйды. Олардың қатарында айыптының туыстары мен достары, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері бар.

Айта кетейік, Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының 10,2 млрд теңгесін талан-таражға салды, пара алды, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын. Дегенмен, экс-төрағаның өзі тағылған осынау айыптардың бірде-бірін мойындаған жоқ. Тіпті, өзінің соңғы сөзінде мұны өзіне қолдан жасалған қастандық екенін де айтып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары