$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл жерде сыбайластық жоқ па?»: қоғам белсендісі Алик Шпекбаевтан көмек сұрады

«Сен біреудің заказын орындап жүрсің, айуан!» - деп «қазақтың батырлары» сес көрсетті! Біздің Оңтүстікте шенеуніктерге сын айтсаң, дереу осылай қорқыту-үркіту, ескерту басталады!» - дейді ол.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Біраздан бері өзінің Facebook парақшасы арқылы Оңтүстік өңірдің кемшіліктері мен шенеуніктердің былығын әшкерелеп келе жатқан  белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласы әкімдігінен өзіне қысым көрсетіліп жатқанын жазды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың атынан маған угроза жасап, жігіттер шығып жатыр! Ескерту жасап жатқан өзіміздің қазақтың жігіттері! «Сен неге Почиваловты жазасың?», «Сен біреудің заказын орындап жүрсің, айуан!» - деп «қазақтың батырлары» сес көрсетті! Біздің Оңтүстікте шенеуніктерге сын айтсаң, дереу осылай қорқыту-үркіту, ескерту басталады!» - дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.

Оның айтуынша, 20 қазан күні әлеуметтік желіде Почиваловтың мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзғаны туралы ақпарат тараған.

«Ал мен мемлекеттік қызметкерлердің этика бұзғаны жайлы бірінші рет жазып жүргенім жоқ! Үнемі көтеріп, жазып жүремін! Бір қызығы, «сенің Почаваловты жазуға құқығың жоқ!» дейді Тимур деген жігіт! Шымкент қаласының Полиция департаменті, мен өмірімнің қауіпсіздігі үшін алаңдаймын! Назарға алуларыңызды сұраймын! Бүкіл угрозалары мен звондаған нөмірлері жіберілген аудиолары сақтаулы! Айғақ зат ретінде ұсына аламын!» - деді заңгер Айгүл Орынбек.

"Алик Шпекбаев мырза! Құрылыс компания қызметкері Тимур деген жігіт, Почиваловты не үшін қорғайды? Не үшін оның атынан маған звондап ескерту жасайды? Бұл жерде сыбайластық жоқ па? "Лоббирование интересов строительных компаний"! Қоғам белсенділері Мемлекеттік қызметтер агенттігінде ісі қаралсын деп жазуға болмай қалған ба? Бұл не масқара? Мемлекеттік қызметкер өз қызметкерін, құрылыс компания қызметкерлерінің алдында ұрысып абыройларын түсіру деген? Асхат Жұмағали мынау не бардак? Сонда енді үнімізді шығармай отыруымыз керек пе? Мен тек қана этика мәселесін көтерген едім, қоқан лоқыдан кейін дәл осы видеоға қатысы бар адамдардың бәрінің ісін қоғам алдында ашық қарау керек!", - деді заңгер.

Осыған байланысты, жазбаға тегтелген Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған жайттың назарға алынғанын жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары