$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде қауіпсіздікті арттыруға арналған тағы бір заң қабылдануы мүмкін

Бұл туралы кеше ғана Ақтөбеге барып, лаңкестіктен зардап шеккен тұрғындармен кездескен Премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты деп жазады Informburo.kz. Үкімет басшысы жақын уақытта Парламентте халықтың қауіпсіздігін артыруға арналған жаңа заң жобасы қаралатынын мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Ақтөбеге барып, лаңкестіктен жапа шеккендермен кездесіп келдім. Осы кездесулерден кейін ұққаным, қазір халық ең алдымен қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қояды. Мәселен, бұрынғы сапарларда тұрғындар коммуналды қызмет түрлерінің тарифтерін, азық-түлік бағасы туралы жиі сұрақтар қойып келген болса, қазір елдегі тыныштық мәселесін көп айтып отыр", - деді Кәрім Мәсімов бүгінгі Парламент қос палатасының біріккен отырысында.

Оның айтуынша, Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесін қарауға арналған комиссия құрылып, жұмысын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары