$ 443.44  480.51  4.88

Өсіп тұрған қауын-қарбызды шегіртке гектарлап жеп қойса да, ОҚО басшылары одан қауіп жоқ екенін айтуда

Оңтүстік Қазақстан облысында саяқ шегірткесіне қарсы жұмыстар 26,7 мың га жерге жүргізіліп, бүгінде жұмыстар толығымен аяқталды деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталған зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінде бұл шегіртке түрінен шаруаларға келер қәуіп жоқ,-деп мәлімдеді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Тұрбеков Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, облыста шегірткелердің 122 түрі болса, соның 4 түріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған түрінен шаруаларға келер қауіп жоқ. Саяқ шегірткелердің шығу орындарында мароккалық шегірткелердің аралас болуына байланысты өңдеу жұмыстары «Өсімдік қорғау» ЖШС бірлесе жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 22 бірліктен аса техника жұмылдырылып, нәтижесінде 26,7 мың га жер залалсыздандырылды.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында басқарма басшысы ОҚО аумақтық инспекция тарапынан 91,37 мың га жерге марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Брифингте ҚР АШМ АӨК МИК ОҚО аумақтық инспекцияның өкілі осы жылы көктем айлары өте қолайсыз болып, жиі жауған жаңбыр мен шөптің биік өсуі әсерінен жүргізілген өңдеу жұмыстары күтілген нәтижені бермегенін айтты. Осының салдарынан мароккалық шегірткелер қоныстанған алаңдар 27,6 мың га дейін ұлғайған. Бүгінде зиянкестерді жою бағытындағы жұмыстар еселеніп, республикадан қосымша қаржы бөлінді. Мамандар шегірткемен күрес жұмыстарын ауа-райы қолайлы болып тұрса 3-4 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Естеріңізге салайық, бұған дейін оңтүстікқазақстандық диқандар өсіп тұрған қауын-қарбыздың шегірткеге жем болғанын айтып, зар еңіреген болатын. Олардың сөзіне сенсек, залал ондаған емес, жүздеген гектар алқапқа келтірілген. Ал, дәрілеу жұмыстары жергілікті әкім-қаралардың жайбасарлығынан кешіктіріліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары