$ 444.22  476.38  4.82

Шымкенттіктер Әбдірахымовты артынан таниды (ВИДЕО)

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың велосипед мінген суретін әлеуметік желі пайдаланушылары талқылап бітпей жатып, желіде әкімнің велосипед айдап бара жатқан видеоролигі жарияланды.

"Кездейсоқ" түсірілген бейнематериалдан Ғабидолла Рахматуллаұлын жазбай тануға болады. Ол өзінің "шайтанарбасына" мініп, қала көшелерінің бірімен жүйіткіп барады. Бір қызығы, бейнекамераға түсірген ер азамат әкімді артынан танып қойған секілді.

Бұған дейін Әбдірахымовтың велосипед мінген суретін бұрынғы көмекшісі Данат Жумин Instagram-парақшасында бөліскен еді. Мұны талқылаған жұрттың жартысы әкімді қарапайым деп мақтаса, өзгелері "арзан PR" деп айыптады.

Жалпы, бұдан кейін шымкенттік полицейлердің жұмысы ауырлайтын секілді. Өйткені, қалада жүргізуші куәлігін сатып алып, "Lada Priora" мінген жүгенсіз жүргізушілерден әкімді қорғауға тура келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео