$ 441.66  475.14  4.86

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз аман табылды

Осыдан бір апта бұрын Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы Лилия Ахметованы оңтүстікқазақстандық полицейлер тапты деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Осы уақытқа дейін жеткіншек қыз өзінің танысының үйінде жасырынып келген.

Естеріңізге салайық, Шымкенттің Чапаевка елдімекенінде тұратын Лилия Ахметова 15 маусым күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған еді. Туыстары оны өздігімен 3 күндей іздеген. Алайда, нәтиже болмаған соң 17 маусымда полицияға арызданыпты.

Жергілікті телеарналардың біріне сұхбат берген Лилияның анасы қызының туған күнге кеткенін, содан кейін үйіне барар жолдағы көпірдің жанында қалып қойғанын айтты. Таныстарының бірі оны соңғы рет сол күні түнгі 12-лер шамасында темір жол вокзалының маңынан көрген. Шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген полицейлер 8-сынып оқушысын таныстарының үйінен тапты. Белгілі болғандай, жоғалған қыз алдын бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген екен.

Бүгінде қыз ата-анасына қайтарылған, денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары