$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да бала ұрлап, елді дүрліктірген әйелдің соты басталды

ОҚО Ордабасы ауданының тұрғыны 6 жасар Мұхаммед Қамшыбекті ұрлап істі болған 60 жастағы әйелдің соты басталды. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр. Атышулы іс Ордабасы аудандық сотының судьясы Салтанат Қойтикееваның төрағалық етуімен жабық түрде өтуде.

Бір емес, екі бірдей баланы ұрлады деп күдіктелген Балжан Орақбаева зейнет жасында. Ол осыдан үш жыл бұрын 5 жасар Нұрай есімді қызды ұрласа, биыл Мұхаммед Қамшыбекті мектебінен ертіп кеткен болатын. Екі бала да аман-есен ата-анасына қайтарылған. Бірінші іс сол күйі ашылмай, биыл Орақбаеваны тергеу кезінде ғана мән-жайы анықталды. Енді күдіктінің кінәлары дәлелденсе ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Баламыздың жағдайы жақсы. Бірақ, біз ұсталған әйелді кешіргелі отырған жоқпыз. Оның туыстары бізге келіп, кешірім беруімізді сұрады. Бұл ойнайтын іс емес, біз баламыз табылғанға дейін сары уайымға салындық, оны өлтіріп кеткен шығар деп қан жұтық. Енді әділ үкімін сот айтар, біз судьядан басқа ешнәрсе талап етпейміз", - дейді М.Қамшыбектің анасы Жанна Ағабекова.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың 20 ақпанында ОҚО Ордабасы ауданына қарасты Амангелді ауылында 6 жасар Мұхаммед Қамшыбек жоғалып кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, оны бейтаныс әйел мектептен шыққан сәтте жетектеп алып кеткен. Тек араға бірнеше күн салып бала мен әйел облыстың өзге ауданынан аман-есен табылды. Сот-медициналық сараптама күдіктінің ақыл-есі сау екенін анықтап отыр. Ол 2013 жылы да Нұрай есімді 5 жасар қызды ұрлап, 10 күнен кейін Шымкенттегі аялдамалардың біріне тастап кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары