$ 488.45  529.19  5.04

Коронавирус адамның өмір сүру ұзақтығына әсер ете ме?

ВИ адам ағзасында созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етсе, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығын қысқартуы мүмкін.
фото: m24.ru
фото: m24.ru

Коронавирустық инфекцияның ауыр түріне шалдыққан адамдардың ағзаларында ерте қартаю үрдістері жүруі мүмкін. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Ресей иммунологтарының айтуынша, КВИ адам ағзасында созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етсе, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығын қысқартуы мүмкін.

Коронавирус - бұл тамырлардың жүйелі қабынуы. Тамырлар адам ағзасының барлық бөлігін қамтитын болғандықтан, дене мүшелерінің көпшілігінде қосымша жүктемелер пайда болады, өз кезегінде жүктемелер індеттің асқынуын тудырады. Бұл дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына, олардың функцияларының төмендеуіне әкеледі. Коронавирус тромбоздың туындауын, жүрекке артық жүктеменің болуын, қант диабеті жағдайларының көбеюін тудырады.

Сонымен қатар дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандар мен созылмалы ауруларға шалдықпаған адамдарда, індет жоғарыда айтылған асқынулардың болмауы мүмкін екендігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары