$ 498.34  519.72  4.85

Куәгерлер Алматыдағы атыстан полицейдің қаза тапқанын айтуда (ФОТО)

Бүгін Алматыдағы Никольск базарының маңында белгісіз адам полицейлерге қарата автоматтан оқ жаудырды. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшыларының бірі қаза тапқан. Жараланғандар да бар. Бұл туралы «NewTimes.kz» порталы хабарлады.

«Қорқып отырмыз. Дәл қазір бізді қаруланған полицейлер ғимаратқа кіргізіп, сыртымыздан жауып тастады. Далаға шықпауды талап етті. Мұншама қанды көрмеппін, қорқынышты», — дейді куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде.

«Юбилейка маңында бәрін жасырып жатыр, біреуді банкке, біреуді ойынханаға, бізді зейнетақы беру орталығына. Мен сол орталықтан шықтым, атыс басталып кетті, жерде қимылсыз полиция қызметкері жатыр», — дейді тағы бір куәгер.

Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері болса 5 адамның оқ жарақатымен жеткізілгенін айтты. Олардың бәрі жансақтау бөлімінде. Әзірге кім екендіктері анықталмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары