$ 448.15  483.46  4.86

Премьер-министр қазақшаны қайта ұмытып қалған ба? (ВИДЕО)

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия сапарынан кейін қазақшаны ұмытып қалған тәрізді. Баян Өлгейге барып, жергілікті қазақтармен ана тілімізде сөйлескен үкімет басшысы қазақстандықтар арасында біраз беделге ие болған еді. Алайда, бүгін Елбасының қазақша айтқан тапсырмалары мен қойған сауалдарына ол орыс тілінде жауап берді.

Естеріңізге салайық, Кәрім Қажымқанұлы алғаш премьер-министр болып тағайындалған уақытта мемлекеттік тілді үйреніп аламын деп уәде берген болатын. Алайда, содан бері он жылдай уақыт өтсе де Мәсімовтің қазақшасы түзелген жоқ. Оның төрағалығымен өтетін жиындардың барлығы дерлік тек орыс тілінде жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары