$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында экстремизмге қатысы бар 4 адам іздестірілуде

Облыстық прокуратура өңірде экстремизмге қатысы бар 4 күдіктінің іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Ақмола облыстық прокуратурасының аға прокуроры Талғат Ысқақовтың айтуынша, биылғы жылдың басынан бері терроризм және экстремизмге қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлады.

"Терроризм Ақмола облысын да айналып өткен жоқ. Қазір облыс аумағында лаңкестік әрекет жасады деген күдікпен 4 қылмыскер іздестіріліп жатыр. Терроризмнің қоғамды қорқытудың құралына айналғанын ескере отырып, оған баршамыз бірлесе қарсы тұруымыз қажет, түрлі ағымдар мен ұйымдардың психологиялық айла-әрекеттеріне алданып қалуға болмайды. Терроризммен қарсы күресу үшін әрбір азамат көрген-білген күдікті адамдары туралы құқыққорғау органдарына хабарлауы тиіс", - дейді прокурор.

Оның айтуынша, терроризм бүгінгі таңда өзінің жаузыздығымен, әлемдегі ең қаіпті проблемалардың біріне айналып отыр. Ал, оның құрбандары кез-келген қарапайым адам болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, Соңғы бірер айда Қазақстанда екі бірдей ірі лаңкестік оқиға орын алды. Алғашқысы Ақтөбеде, екіншісі шілде айында Алматыда болған терактілер салдарынан 13 адам қаза тапты. Жараланғандар саны да оннан асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары