$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстан мұсылмандар одағы Ердоғанның үстінен Гаага трибуналына арызданбақ

Түркия басшыларының қаза тапқан көтерілісшілерді қаңғыбас иттерге арналған ғимарат жанына жерлеу туралы бастамасын Қазақстан мұсылмандар одағы қатаң сынға алды. Ұйым жетекшісі Мұрат Телібеков өзінің Facebook-парақшасында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның үстінен Гаага трибуналына арыз түсіретінін мәлімдеп отыр.

Естеріңізге салайық, шілде айында Стамбұл мен Анкарада билікті басып алмақ болған әскерилер төңкеріс жасауға әрекет еткен болатын. Алайда, билікпен бірге халықтың өзі бұл бүлікке қарсы шығып, көтерілісшілерді басып тастады. Салдарынан, екі тарапты қоса есептегенде 200-ден астам адам қаза тапты.

«Ашуланамын деп сіз ақылыңызды жоғалтасыз, құрметті Президент! Қаза тапқандар сіздің отандастарыңыз екенін естен шығармаңыз. Қайтыс болған әрбір көтерілісшінің туған-туысқандары бар. Сіздің алдыңызда олардың не кінәсі бар?! Адамдарды жасаған қылмысы үшін жазалаймын деп сіз өзіңіздің жабайылығыңызбен олардан асып түсесіз», - дейді Телібеков өз жазбасында.

Оның пікірінше, Ердоған дәл осындай қылықтарымен ислам әлеміне кір келтіреді. Ал, егер өз халқын ары қарай қудалай берсе Телібеков жетекшілік ететін ұйым Түркия президентінің үстінен Гаага трибуналына арызданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары