$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жоғалып кеткен 16 жасар қыз аман-есен табылды

Шымкент қаласының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 16 жастағы Айдана Қахраманованы аман-есен тапты деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Жеткіншек 28 шілде күні күндізгі сағат екілер шамасында үйінен шығып, қайта оралмаған. Айдананың ата-анасы оны үш күн бойы өз күштерімен іздеп табылмаған соң, 31 шілдеде полиция бөлімшесіне арызданды. Анасының айтуынша, жеткіншек қызы қайда кететінін алдын ала ескертпеген екен.

Айдана Қахраманованы іздеуге Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Тіпті, облыстық Ішкі істер департаментінің мамандары да жоғалған қызды іздеу үшін оның жақын таныстарынан сұрақ-жауап алды. Нәтижесінде, Айдананың құрбысының үйінде жасырынып жатқаны анықталды.

Бүгін 4 тамызда полицейлер жүргізген шұғыл іздеу шаралары барысында Айдана Қахраманова Шымкенттегі пәтерлердің бірінен аман-есен табылып отыр. Ол әзірге белгісіз себептермен осы үйде жасырынып жатыпты. Қазіргі таңда полицейлер қызды ата-анасына қайтарды.

Мәселенің мән-жайын білу мақсатында тәртіп сақшылары Айдана мен оның туыстарынан жауап алуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары