Қоғам 12.02.2021 сағат 03:40

«Бозжырада қонақ үй салу ойға қонымды деп ойлаймын» – Ғабидолла Әбдірахымов

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ үй жобасына қатысты қоғамдық резонансты ескере отырып, оны қайта қарауды тапсырған.
«Бозжырада қонақ үй салу ойға қонымды деп ойлаймын» – Ғабидолла Әбдірахымов
фото: azattyq-ruhy.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов Бозжыра шатқалында қандай жағдайда қонақ үй салу орынды болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әбдірахымов қазақстандықтардың бір бөлігі қонақ үй құрылысына үзілді-кесілді қарсы екенін, ал жергілікті тұрғындар жаңа жұмыс орны ашылатындықтан қолдап отырғанын айтты.

"Шынымды айтсам, екі жақтың да пікірі орынды. Табиғатты қорғау керек, алайда даму да қажет. Халықаралық тәжірибеге назар аударар болсақ, көптеген мысал бар. Соның бірі – АҚШ-тағы Үлкен каньон", - деп жазды Әбдірахымов Instagram парақшасында.

Әбдірахымов ұлттық саябақтың маңында бірнеше қонақ үй бар екенін, бірақ олар біраз қашықтықта орналасқанын айтып өтті. Сондай-ақ, кемпинг пен автокөлік тұрағы да бар.

Вице-министр Сауд Арабиясындағы Аль Ула аймағын да мысал ретінде келтірді. Айтуынша, ол жерде ел үкіметі қонақ үйден бастап, халықаралық фестиваль өткізуге дейін даму бағдарламасын әзірлеген.

"Осы айтылғандарды ескере отырып, Бозжыра маңында қонақ үй салу ойға қонымды деп санаймын. Ол шатқалдан экологиялық қауіпсіз қашықтықта салынуы қажет. Оны мамандар айтады. Сонымен қатар кемпинг түрінде қосымша инфрақұрылым құру қажет. Ол жерде тамақтанып, душ, дәретхана мен демалатын орын болуы керек. Сондай-ақ, қонақ үйге келушілер үшін ғана емес, барлық турист үшін автотұрақ салу керек", - деп жазды Әбдірахымов.

Айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, ат, велосипед қойылғаны жөн. Осылайша, келген барлық турист көлігін тұраққа қалдырады, содан кейін жаяу жүреді немесе осы көлік түрлерін пайдаланады.

Осындай жағдайда табиғатты сақтап, өркениетті туризм мен демалыс үшін экологиялық жағдай жасауға болады, деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 2020 жылы Бозжыра шатқалында қонақ үй салынатыны туралы БАҚ-та хабарланды. Алайда қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы табиғаты ерекше осы аймақта құрылыс жүргізуге қарсы шықты.

Кейіннен президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ үй жобасына қатысты қоғамдық резонансты ескере отырып, оны қайта қарауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар