Қаржы мониторингі агенттігі Павлодарда орынбасарымен бірігіп, қарамағындағы қызметкерлерден пара бопсалаған «ҚТЖ» мекемесі филиалының басшысын ұстағанын мәлімдеді деп хабарлайды Dalainform.
Қарапайым еңбек адамдары жұмыстан шығып қалудан қорқып, пара беруге мәжбүр болған.
Павлодар облысындағы экономикалық тергеу департаменті жергілікті теміржол мекемесінің жетекшісін ұзақ уақыт бойы заңсыз ақша жинап келген күдікті ретінде танып отыр.
Ол 4 жыл үздіксіз 100-ден астам ұжым мүшесінен ай сайын 8-10 мың теңге аралығында «сыйлық» талап еткен.
Қалған ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты әзірге жарияланбайды.