$ 494.87  520.65  4.91

Бірқатар аймақтарда сәбіз бен қияр қымбаттады

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі бойынша Алматыда құстың тұтас етінің бағасы 13%-ға, яғни 593 теңгеден 671 теңгеге дейін қымбаттағанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Мамандардың айтуынша, бұл жабдықтаушылар мен өнімнің көтерме бағаны қымбаттауына байланысты болып отыр.

Өскеменде де құс еті 13%-ға 458-ден 517 теңгеге дейін қымбаттады, бұл қала нарықтарында ұсыныстың төмендеуіне байланысты.

«Сатылымда арзан ашық топырақ жағдайында өсірілген өнімнің пайда болуы қызанақ бағасының төмендеуіне әкелді. Бір апта ішінде бұл өнімнің орташа бөлшек сауда бағалары келесідей төмендеді: Алматыда 25%-ға, 219-дан 165 теңге/кг-ға дейін, Таразда 16%-ға, 143-тен 120 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 14%-ға, 420-дан 360 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 11%-ға, 190-нан 170 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 10%-ға, 210-нан 190 теңге/кг-ға дейін», делінген хабарламада.

Ашық топырақ жағдайында өсірілген өнім жеткізілімінің жоқ болуына байланысты, бір апта ішінде қияр бағасы Өскеменде 39%-ға, 173-тен 240 теңге/кг-ға дейін, Астанада 25 %-ға, 228-ден 284 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сонымен бірге қияр бөлшек сауда бағаның Ақтауда 24%-ға, 330-дан 250 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 15%-ға, 100-ден 85 теңге кг-ға дейін, Талдықорғанда 13%-ға, 77-ден 67 теңге/кг-ға дейін төмендеуі байқалды. Бұл нарықтың ашық топырақ жағдайында өсірілетін өніммен қанығуына байланысты.

Оңтүстік облыстардан әкелінетін биыл өсіп шыққан картоп көлемінің ұлғаюы және нарықтың өніммен қанығуы, Таразда 26%-ға, 95-тен 70 теңге/кг-ға дейін, Алматыда 19 %-ға, 110-нан 89 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 18%-ға, 110-нан 90 теңге/кг-ға дейін, Астанада 17%-ға, 126-дан 104 теңге/кг-ға дейін, Шымкентте 10%-ға, 100-ден 90 теңге/кг-ға дейін картоп бағасының арзандауына әкелді.

Нарықтың жергілікті өндірушілердің ерте пісетін орамжапырағымен қанығуы бөлшек сауда бағасының Астанада 21%-ға, 63-тен 50 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 16%-ға, 64-тен 54 теңге/кг-ға дейін төмендеуіне әкелді.

Сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюына және көтерме бағаның қымбаттауына байланысты сәбіздің орташа бөлшек сауда бағасы Ақтөбеде 15%-ға, 96-дан 110 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 12%-ға, 127-ден 142 теңге/кг-ға дейін қымбаттауына әкелді.

«Қазагромаркетинг» АҚ мониторингіне сүйенсек, Шымкентте қызылша бағасы 10 %-ға, 100-ден 90 теңгеге арзандағанын байқаймыз. Оның себебі нарықтың жергілікті өндірушілердің өніммен қанығуы. Тәтті бұрыш бағасының төмендеуі нарыққа әкелінетін арзан ашық топырақ жағдайында өсірілген өнім мөлшерінің артуымен байланысты. Бір апта ішінде бұрыштың орташа бөлшек сауда бағасы Қызылордада 23%-ға, 220-дан 170 теңгеге дейін, Таразда 20%-ға, 150-ден 120 теңгеге дейін, Өскеменде 15%-ға, 393-тен 335 теңгеге дейін, Атырауда 15%-ға, 310-нан 265 теңгеге дейін, Астанада 10%-ға, 398-ден 360 теңгеге дейін төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары