$ 494.87  520.65  4.91

Тамыздан бастап бірнеше пойыздың билет құны арзандайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың «Гранд» және «Бизнес» вагондарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдегендей, жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру және жүрдек жолаушылар пойыздары қызметінің тұрғындарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мақсатты жұмыстарды жүзеге асыруда.

Осының дәлелі ретінде, 2014 жылдың 1 тамызынан бастап «Тұлпар-Тальго» зауытының вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың құнына жеңілдіктер орнатылады: №49/50 «Алматы-Ақтөбе»: «Гранд» (СВ) санатты вагондарда - 25%, «Бизнес» (купе) санатты вагондарда - 15%; №19/20 «Атырау-Астана», №77/78 «Алматы-Атырау»: «Гранд» (СВ) санатты вагондарда - 10%.

Жеңілдіктер аптаның күндеріне тәуелді емес.

Сонымен қатар, №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №19/20 «Атырау-Астана», №87/88 «Ақтөбе-Астана» және №77/78 «Алматы-Атырау» жолаушылар пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» санатты вагондарының құны демалыс күндері мереке алды және мерекелік күндерден бөлек, жұмыс күндері тарифіне деңгейлестірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары