$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті бейнекамераға түсіп қалған (ВИДЕО)

Ақтаудағы дүкендердің бірінен ойнап жүрген 6 жасар кішкентай қызды ұрлап ап шығып, зорлады деген күдікті азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұған дейін полицейлер күдіктінің фотороботын жасап, іздеу жариялаған болатын.

Кішкентай қыз "Иваныч" деп аталатын азық-түлік дүкенінен жоғалып кеткен. Оның әжесі осы жерде саудагер болып жұмыс істейді. Немересін алдымен өздері іздеп көріп, нәтиже шықпаған соң полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары ес-түссіз қансырап жатқан бүлдіршінді қала іргесіндегі саяжайдан тапты.

Қазіргі таңда ақтаулық полицейлер дүкеннің бейнекамерасына жазылған кадрларды тексеріп жатыр. Олардың божамынша, күдікті ақ түсті Daewoo Nexia маркалы көлігімен жүруі мүмкін.

Ал, зәбір көрген сәби қазір ауруханада ауыр халде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары