$ 443.85  474.3  4.8

Есікте қыз зорлаған күдіктілердің төртіншісі қолға түсті

Есік қаласында қызды қрлап, кейін зорлаған күдіктілердің төртіншісі қолға түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Есік қаласында топ болып қыз зорлаған күдіктілердің төртіншісі 24 тамыз күні қолға түсті. Оның есімі Нұрбол, 1992 жылы туған. Күдікті өз туыстарының үйінде тығылып жатыпты. Оның өзі Орталық Қазақстанның тумасы, бірақ, соңғы уақытта Еңбекшіқазақ ауданында тұрып келген. Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысында жатыр. Сондай-ақ, қазір осы іске қатысы бар деген екі әйел де іздестіріліп жатыр. Жастары 30 шамасындағы Мария мен Юлия әзірге тек куәгер ретінде қаралуда", - делінген полицейлер таратқан хабарламада.

Естеріңізге салайық, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны төрт ер азаматты қызымды зорлады деп, әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жариялаған болатын. Ол аталған қылмысты дұрыстап тергеуді талап еткен. Айтуынша, тамыздың 13-нен 14-не қараған түні 30 жастағы қызы Жібекті белгісіз ер азаматтар ұрып-соғып, кейін жабылып зорлаған.

Күдіктілердің екеуін қыздың ағалары ұстап, полицейлерге өз қолдарымен апарып берген. Алайда, полиция бөлімшесінде күдіктілерді қамаудың орнына үйлеріне қайтарып жіберіпті. Іс қоғамда шу тудырған соң оған Алматы облыстық ІІД-нің басшылары араласты. Артынша, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш жігіт ұсталды. Ал, төртіншісі қашып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары