$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде төрт аяқпен туылған нәресте шетінеп кетті

Ақтөбеде төрт аяқпен туылған сәби туралы бұған дейін мәлім болған еді. Нәресте 19 тамыз күні шетінеп кетті деп жазады "Диапазон" порталы облыстық балалар ауруханасының өкілдеріне сілтеме жасап.

Кішкентай бала туыла салып 2 бойы жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен жатқан. Оның өмірін аман сақтап қалу үшін дәрігерлер бір рет операция да жасапты. Алайда, медициналық көмек сәбиді өлімнен арашалап ала алмаған. Нәресте егіздің сыңары болған. Оның сыңары дін-аман, туыла салып анасымен бірге үйіне жіберіліпті.

Баланың тік ішегінің орнынан екі аяқ өсіп шыққан, жүрегінде де ақауы болған дейді дәрігерлер. Олар екінші операцияны жасап, артық өскен екі аяқты кесіп алып тастамақ болған екен. Алайда, сәби оған жете алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары