$ 448.15  483.46  4.86

Шымкенттік жол төсеушілер жұртты күлкіге қарық қылды

Әлеуметтік желілерде жарияланған бұл сурет жұрттың күлкісін келтіріп қана қоймай, көпшіліктің ашуын да туғызды. Желі қолданушыларының кейбірі бұл бір ғана сурет бүкіл Қазақстандағы жағдайдың қандай екенін көрсетіп тұрғандай деп бағалауда.

Фэйсбук пайдаланушыларының арасында қызу талқыға түскен фотосуреттегі автокөліктің мемлекеттік номері Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Сондықтан, біреулер оқиғаның Шымкентте болғанына күмән келтіруге болмайды десе, өзгелері бұл пікірге қосылмайтынын жазуда.

Айта кету керек, дәл осыған ұқсас жағдай былтыр Ақтауда да орын алған болатын. Аулаішілік жолдарды асфальттаған жұмысшылар көліктер тұрған жерлерге жол төсемей кетіп қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары