$ 444.22  476.38  4.82

Қарағандыда апельсинге таласқан әйелдер бірін-бірі орындықпен ұрды (ВИДЕО)

Қарағандылық екі әйелді арасындағы төбелес түсірілген бейнекадрлар әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Бұл жайт бойынша қазір полицейлер тексеру жүргізіп жатыр. Төбелескен әйелдердің екеуі де ұсталған деп жазады Tengrinews.kz Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдердің бірін-бірі аяусыз ұрып жатқанын куәгерлер ұялы телефонның видеокамерасына түсіріп алған. Бейнекадрлардан екеуінің бір-біріне орындық лақтырып, қолдарына түскен затпен ұрып жатқанын анық аңғаруға болады. Кейін оларды ер азаматтар ажыратып алған. Куәгерлердің айтуынша, төбелеске апельсин себеп болған көрінеді. Әйелдердің бірі екіншісінің рұқсатынсыз оның жемісін алған дейді сол жерде болғандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары