«Гүлнәр тур» компаниясы туристерінің алғашқы тобы Алматыдан Анталияға ұшып кетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.
«25 шілдеде таңғы сағат 3:50-де «Гүлнәр тур» компаниясы туристерінің бірінші тобы Алматыдан Анталияға ұшты. Бортта барлығы 209 жолаушы болды, олардың 17-сі «Гүлнар тур» компаниясының клиенттері», делінген баспасөз хабарламасында.
«Atlasjet Airlines» авиакомпаниясының ақпараттарына сүйенсек, бүгінде билеттерін қайта ресімдеген «Гүлнәр тур» компаниясы туристерінің саны 300-ге жуық адамды құрады. «Билеттерді қайта ресімдеу үшін авиакомпания өкілдігіне хабарласу қажет, өзімен бірге ұшу төлемінің құжаттамалық растауы, электрондық билет, қонақүй ақысы төлемінің құжаттамалық растауы болуы тиіс. Қонақүй ақысы төлемінің құжаттамалық растауы болмаған жағдайда, ұшуға рұқсат жоқ», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылғы шілдеде қазақстандық мемлекеттік органдармен «Atlasjet Airlines» авиакомпаниясының арасында «Гүлнәр тур» туристік компаниясы (Atlasjet Airlines» авиакомпаниясының билеттерін төлеген) жолаушыларын өтеусіз қабылдау туралы міндеттемелерді орындау туралы келісімге қол жеткізілген.