$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да шенеуніктер дәрігерлерден пара алған

Оңтүстік Қазақстан облысында Медициналық қызметке ақы төлеу департаментінің шенеуніктері пара алды деп айыпталуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін "қаржы полицейлерімен" департамент басшысының орынбасары Б.Қалыбекова мен бөлім басшысы О.Жұмақов ұсталған болатын. Оларға дәрігерлерден бірнеше рет пара алған деген айып тағылуда.

"Тергеу барысы анықтағндай, аталған қызметкерлер қылмыстық сыбайласқа бара отырып, облыстағы 60 медициналық мекемелердің бас дәрігерлері мен бухгалтерлерінен жүйелі түрде пара алып келген. Ол үшін мекемелерді қаржыландырып отыруға және айлық есептерін кедергісіз қабылдауға уәде еткен. Пара көлемі 5 мың мен 100 мың теңгенің арасында, яғни, мекеменің бюджетіне байланысты. Қалыбекова мен Жұмақовтың алған парасының жалпы көлемі 993 мың теңгені құрап отыр", - делінген аталған хабарламада.

Қазіргі таңда ұсталғандар өздеріне тағылған айыптарды толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары