$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің батысында лаңкестік жасамақ болған 21 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері батыс облыстарда лаңкестік топ мүшелерін қолға түсірді деп хабарлайды ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі. Ұсталған 21 содырдан жарылғыш заттар, діни экстремизмді насихаттайтын әдебиеттер тәркіленіп алынған.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, барлығы үш экстремистік топтың жолы кесіліпті. Олар Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында әрекет еткен. Лаңкестерді ұстау операциясы биыл 12-30 тамыз аралығында жүргізілді.

"Операция нәтижесінде лаңкестердің құқық қорғау органдарына жоспарлаған шабуылдарының жолы кесілді. Олар сондай-ақ, адамдардың көп шоғырланған жерінде жарылыс жасамақ болған", - делінген аталған хабарламада.

Күдіктілердің үйлерін тінтубарысында қару-жарақ, оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Сонымен қатар, тротил, қолдан жасалған жарылғыш заттар, діни әдебиеттер, аудиоматериалдар, халықаралық лаңкестік ұйымдардың нышандары табылған.

Ұсталған лаңкестік топтардың бірі қолдан ақша да жасап шығарғаны анықталып отыр.

Қазіргі таңда күдіктілердің барлығы қамауға алынып, олардың үстінен ҚР Қымыстық кодексінің экстремизмге қатысты бірнеше бабы бойынша іс қозғалды. Ұсталғандардың 10-ы Батыс Қазақстан облысынан, 11-і Ақтөбе өңірінен. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары