$ 447.4  477.55  4.76

Елбасы барша мұсылмандарды келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

«Сонымен қатар, кездесуде діни білім беру мәселесі қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығына, сондай-ақ бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізу қажеттігіне тоқталды», делінген хабарламада.

Е.Маямеров Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысы жөнінде баяндады.  

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің барша мұсылман қауымын алда келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары