Бұл туралы Президент Қ. Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
“Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.
Қазақстанда ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді ”, - деп жазды Берік Уәли.