Алматыда кеше түнде бөлшектелген мәйіті табылған ер азаматты өлтірген күдіктінің кім екені анықталды деп жазады Informburo.kz. Марқұмды жалдамалы пәтерлердің бірінде азаптап өлтірген.
"Күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары қолға алынған. Ал, көз жұмған азаматтың кім екені енді анықталады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша жүргізілуде", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, басы мен қолы бөлшектелген ер адамның мәйіті кеше түнде Алматыдағы аулалардың бірінде орналасқан қоқыс контейнерінен табылған болатын. Дене бөлшектерін қылмыскер полиэтилен қалтаға ораған. Оны қоқыстан тамақ іздеп жүрген бомж тауып алып, полицияға хабар беріпті. Марқұм 25-30 жас шамасында.