$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев нағыз мұсылманның қандай болу керектігін айтып берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ел тұрғындарын, елдегі мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Елбасы сондай-ақ, нағыз мұсылманның қандай болу керектігін де айтып өтті.

– Әлемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзің тоқ болып, көршің аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсың делінген. Онда мұсылмандардың ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман – ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам, – деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев сондай-ақ, Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітіне жиналған жамағатпен әңгімелесті.

– Бүгін күллі әлемнің және Қазақстанның мұсылмандары жарқын мереке – Құрбан айтты мерекелеп жатыр. Баршаңыз білесіздер, 10 жылдан бері Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері болып саналады. Бұл – ислам дініне де, христиан дініне де мемлекет қамқорлығының көрінісі, – деді Қазақстан Президенті.

Назарбаевтың нағыз мұсылмандар туралы айтуы бекер емес. Өйткені, биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғаларды өздерін мұсылман санайтын салафилік ағым өкілдері жасағаны белгілі. Бұл туралы Елбасының өзі Қауіпсіздік кеңестің жиынында айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары