$ 445.66  474.58  4.78

Қызылорда облысында мал қырылып жатыр (ВИДЕО)

Ветеринария мамандары аудандағы елді мекендерді аралап, өлген малдан сынама алып жатыр.

Қызылорда облысының Арал ауданында 480-нен астам түлік қырылып қалды деп хабарлады Хабар-24. Оның басты себебі – қуаңшылық.

Көбіне қыстан әлсіреп шыққан малдың суаттар жанында өлген жағдайы байқалған. Ветеринария мамандары аудандағы елді мекендерді аралап, өлген малдан сынама алып жатыр.

«Аудандағы мал басына есептегенде 7520 тонна шөп қажет етіп отырмыз. Ауданға шөп тасымалын ұйымдастыру үшін көршілес Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, сонымен қатар Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - дейді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Оқи отырыңыздар: Маңғыстауда мал қырылып жатыр

Еске салайық, бұған дейін де Маңғыстау облысында мыңдаған жылқы жұттан қырылған еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары