$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда мал қырылып жатыр

Жаңбыр болмағандықтан, шөп нашар шыққан, соның салдарынан мал азығы қымбаттаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Аймақтың ауыл шаруашылығында күрделі жағдай қалыптасуда. Фермерлер жылқыларын жайылымға әкелу барысында жолда шамамен, 10 жылқы өлген.

Жауын-шашын болмағандықтан шөп нашар шыққан, соның салдарынан мал азығы қымбаттауда. Шаруа қожалықтары аймақта төтенше жағдай жариялауды және сүт пен етке субсидия бөлуді сұрайды. Бұл жылда қайталанатын жағдай.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Жаңбыршин "Жұмыс тобы құрылып, кездесулер қорытындысы бойынша арнайы ұсыныстар әзірленіп, үкіметке беріледі", деп атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы саласына қолдау жасаймыз деген кезекті ұмтылыс түпкілікті нәтиже бергенше тиянақты, жүйелі жүзеге асырылса екен, арты сұйылып, ақыры берекесіз бітетін шикі реформалар жойылуы керек, деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары