Шымкенттегі Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназияның темір қоршауында бірнеше күннен бері ілініп тұрған қуыққапты (пайдаланылған) оқу орнының не басшылары, не мұғалімдері байқамаған. Тек сол маңда өтіп бара жатқан куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп, журналистерге жіберіпті.
Осылайша жергілікті тілшілер гимназия директоры Бақтияр Бигелдиевке жолығып, "презервативті" саусақпен шұқып көрсеткеннен кейін ғана педагогтар интимді заттың көзін құртқан.
Директор Бақтияр Мұхтарұлының айтуынша, түнде мектеп маңайында жеңіл жүрісті қыздар көп жүретін көрінеді. Тіпті, талай рет ойнас кезінде ұстап алып, қуып жіберген кездерім болған дейді оқу орнының басшысы. Мұндай анайы қылықтар әдетте түнде орын алғандықтан қуыққаптың ілініп тұрғанын байқамадық деп ақталды гимназия директоры.
Педагогтар байқамағанымен ілінген "презервативты" осы мектепте оқитын талай бала көргені анық. Ал, Бақтияр Мұхтарұлы болса бұдан былай оқу ғимаратының маңайын жиі тексеріп тұруға уәде берген көрінеді.