$ 474.72  515.17  5.58

Шымкент қалалық Сәулет бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі Шымкент қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын пара алып жатқан жерінен ұстады деп жазады Tengrinews.kz.

"Анықталғандай, Б.Кенжеқұлов өзінің лауазымын пайдалана отырып, жеке басының пайдасы үшін араға адам салу арқылы 200 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл ақшаны ол жаңа салынған тұрғын үйді қолдануға рұқсат беретін құжат үшін жеке тұлғадан алған", - делінген департамент өкілдері таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары