Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 12 жасар оқушы бала өзіне қол салып қапйтыс болды. Бұл туралы жергілікті "Мой город" порталы хабарлап отыр. Жеткіншек тәрбиелі отбасында өскен. Оны мұндай қадамға не итермелегенін қазір мамандар анықтап жатыр.
Белгілі болғандай, марқұм өз үйінде асылып қалған екен. Аудан әкімдігіндегілер жағдайды бақылауға алып, ішкі істер органдарымен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандарын айтты.
"12 жасар бала өзінің үйінде асылып өлген. Оның денесін туыстары тауып алыпты. Отбасы тәрбиелі, текті адамдар. Өзіне не үшін қол салғаны қазір анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүріде", - дейді әкімдік өкілдері.
Айта кетейік, балалар суицидінің саны жағынан Қазақстан әлемде екінші орынды алады. ООН UNICEF балалар қорының мәліметінше, жеткіншектер арасындағы суицид соңғы жылдары күрт артып кеткен.