$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда 200 грамм сәбіз 2 800 теңге тұрады

Төбе шашы тік тұрған әйел суретті белгілі Instagram парақшасында жариялаған.
instagram.com / kris_p_brothers_official
instagram.com / kris_p_brothers_official

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде сәбіздің аспандап кеткен бағасын көрсетті, деп хабарлайды ЭК.

Фото-суретте 200 грамм сәбіздің бағасы 2 800 теңге екені көрсетілген. Төбе шашы тік тұрған әйел суретті белгілі Instagram парақшасында жариялап:

Сәбіз тақырыбы саябырсып қалды. Келісі 600 теңге болғанына бәрі көндікті. Кеше есеңгіреп қалдым. 200 граммының бағасын көрмеппін. Қайтарып беруге тура келді. "АДК" Сауда орталығы, деп жазды.

Мұны көрген желі қолданушылары да бей-жай қалмады.

"Сәбіз осынша тұрады деп ешқашан ойламаппын. Манго және басқа да экзотикалық жемістер әлдеқайда арзан тұрады".

"Байып кеткің келсе, сәбіз бен картоп ек."

"Палауды мангодан жасаймыз ба, қайтеміз? " — деп жазып жатыр.

Елімізде соңғы айларда сәбіз бен картоп бағасы қатты қымбаттап кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары