$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда бір үйдің үш адамы дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болды

Тағы бір адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Қайғылы оқиға 30 маусым күні Наурызбай ауданына қарасты Абай ауылында болған. Дәретхана тесігіне түсіп кеткен 1 жасар қызды құтқарамын деп шұңқырға алдымен 12 жасар ағасы, артынан әкесі, сосын әжесі түскен. Құтқарушылар тек отағасын аман алып қала алды деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның республикалық жедел құтқару жасағы.

Оқиға болған жерге аталған жасақтың алты адамы дереу жеткен. Олар дәретхана шұңқырынан 4 адамның бәрін алып шыққанымен, тек біреуі ғана тірі дәрігерлердің қолына берілген.

Анықталғандай, шұңқырға алдымен 2020 жылы туған қыз бала құлап кеткен. Оны өздігімен құтқармақ болған 2009 жылғы ағасы тесікке түсіп, шыға алмай қалған. Балаларына көмектеспек болған әкесі мен әжесі (1955 жылы туған) де сол шұңқырдың газына уланды.

Қазір балалардың әкесі ауыр халде ауруханада жатыр. Қалған үш адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Аzattyq-ruhy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары