$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда тамақ өнімдері қымбаттады

2014 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысында тауарлардың көтерме сауда бағалары 6,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ШҚО статистика департаментінің өкілі Назгүл Оразаева мәлімдегендей, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,2%-ға артқан.

— Инвестиция көлемі былтырғы жылға қарағанда әлдеқайда жоғары. Бiрiншi жарты жылдықтағы тұтынушы нарығында өткен жылдың инфляциялық процестер дамуын салыстырғанда өсу байқалады. Инфляция өткен жылға қарағанда 0,1 пайызға көтерілген, — дейді ШҚО баға статистикасын басқару департаментінің жетекшісі Людмила Калошина. 

Оның айтуынша, тауарлар бес пайызға, ақылы қызмет түрлері төрт пайызға дейін, сондай-ақ, көкеністер мен жеміс-жидектер, тамақ өнімдері екі есеге қымбаттаған.

Сонымен қатар, ШҚО статистика департаментінің хабарлауынша, бидай ұны – 3,9%, мәни жармасы, құмшекер – 1,3%, күлше және вафли – 1,4%, макарон өнімдері – 4,4%, жұмыртқа – 9,8%, мұздатылған бауыр – 1,8%, балқытылған ірімшік – 1,1%, қара шай – 0,9%, сыра – 2,7%, минералды су – 3,1%, темекі – 3,7%-ға өскен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары