$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде салафилерді әскер қатарына алмай жатыр

Ақтөбеде әскери шақырылым комиссиясының құрамына дәрігерлерден бөлек имам-молдалар да алынып жатыр. Енді салафизм секілді дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткен жас жігіттер отан алдындағы борышын өтеуге жіберілмейді. Тіпті, тепсе темір үзетін денсаулығы болса да. Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлады.

Мамандар бүгінге дейін діни фанатқа айналған он бозбаланы әскерге жібермей қойған. Олар денсаулығы жарап тұрса да, іріктеуден өте алмапты. Өздерінің діни көзқарастары үшін облыстағы біраз жас ер азамат ҰҚК-ның "қара тізіміне" алынған.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, әскерге мұндай қауіпті адамдарды жіберуге болмайды.

"Жан-жақты тексерулер жүріп жатыр. Сондай-ақ, арнайы тексеріс те. Біз ұлттық қауіпсіздік комитетімен, ішкі істер департаментімен бұл мәселе бойынша тығыз жұмс істесеміз", - дейді Ақтөбе облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Әділбек Құлтаев.

Айта кетейік, өткен аптадан бері Ақтөбе облысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бастаған үлкен комиссия жұмыс істеуде. Оның мақсаты - өңірдің салафилердің отанына айналу себебін анықтау. Комиссия құрамы 200 адамнан тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары