$ 441.66  475.14  4.86

Сот Астанадағы С.Матаевқа тиесілі "Журналистер үйін" тәркілеп алды

Бүгін Астанадағы Есіл аудандық №2 соты әкелі-балалы Матаевтарға үкім шығарған соң олардан тәркіленген дүние-мүліктің тізімін де оқып берді. Айта кетейік, судья Ақболат Құрмантаев Сейтқазы Матаевты 6 жылға, оның ұлы Әсет Матаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Осылайша, Астананың сол жағауында орналасқан Министрліктер үйіндегі Матаевқа тиесілі "Журналистер үйі", сонымен қатар, Алматыдағы пәтер мен екі паркинг және жер телімі де мемлекет меншігіне өткізіледі.

Тергеу мәліметіне сенсек, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев өзінің ұлы - "ҚазТАГ" ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевпен бірлесіп, мемлекет қазынасынан ірі көлемде қаржы жымқырған.

Дегенмен, С.Матаев өздеріне тағылған осынау айыптардың ешбірін мойындаған жоқ. Ол бұл істің артында саяси топтардың тұрғанын да айтты.

"Мен ешнәрсе ұрлағам жоқ және жоспарламадым да. Менің ұлым да дәл солай. Біздің кінәміз жоқ. Кінәлі болсам менен оффшордағы ақшамды, шетелдегі виллаларымды іздеп табыңыздар. Бірақ, мұның ешбірі жоқ менде. Мені қандай мақсатта айыптап отырсыздар? Сіздер менің шотымды, тіпті жаңа туған немерелерімнің шотын тексеріп шықтыңыздар. Бірақ, бәрібір ешнәрсе тапқан жоқсыздар.Тағы айтамын, егер қандай да бір артық тыйын тапсаңыздар тағылған айыптын бәрін өз мойныма аламын", - деді өткен апта болған сот отырысында Сейтқазы Матаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары