$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстанда сотқа дейін реттеудің жаңа институты – Апелляция комиссиясын құру ұсынылды

Елімізде негізгі ережелері заңға бағынысты актімен реттелетін сотқа дейін реттеудің жаңа институты – Апелляция комиссиясын құру ұсынылады. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша сөйлеген сөзінде министр сонымен қатар мониторинг жүргізуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесін құру тәртібін нақтыланатынын айтты.

«Мониторинг жүргізуге жататын салық төлеушілерден өз қызметі шеңберінде табыс алу мақсатын көздемейтін ұйымдар ретінде коммерциялық емес ұйымдарды және республикалық мемлекеттік кәсіпорындар алып тастауды ұсынамыз. Себебі, аталған ұйымдар мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес есептілік ұсынады», - деді Қ.Бишімбев.

Ол аталған тізбеге қала түзуші санатына жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар міндетті түрде енгізілетінін айтты.

Сонымен бірге, ақпарат алмасу бойынша халықаралық өзара іс-қимыл, электронды аудитті енгізу мерзімдерін ұзарту, валюта ауыстырудың нарықтың бағамын айқындау мәселелерінде, бейрезиденттің резиденттікті растау тәртібі бөлігінде түзетулер енгізіледі.

Ал кедендік әкімшілендіруге қатысты уақытша сақтау қоймалары, уәкілетті экономикалық операторлардың қызметі, кедендік транзитті оңтайландыру және кедендік операцияларды жүзеге асыру бойынша түзетулер енгізу ұсынылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары